Күрес түрлерінен ұлттық құрамалардың бас бапкерлері ауысты

©olympic.kz

Нұр-Сұлтанда өткен федерацияның Атқарушы комитеті бюросының отырысынан соң, күрес түрлерінен құрама командалардың жаңа бапкерлері тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері қызметіне Серік Жұмашев кірісті. 

Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері қызметін Мадияр Құрамысов атқарады. 

Ал әйелдер күресінен команданың бас бапкері қызметі Серік Алшымбаевқа тапсырылды.

Жақында спорттық мансабын аяқталаған балуандар да жұмыссыз қалған жоқ. Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен, Дәулет Ниязбеков еркін күрестен жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар