Күрес түрлері
Бүгін 19:55

Күрес түрлерінен Қазақстан іріктеу чемпионаты Оралда өтеді

©

1 желтоқсанда Орал қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді.

Қазақстанның әр өңірінен жиналған балуандар 30 салмақ дәрежесінде ел чемпионы атағына таласады. Олардың қатарында ұлттық құрама спортшылары да бар.

Аталған жарыстың қорытындысы бойынша 2027 жылғы ұлттық құрама сапына енетін балуандар да анықталады.

Айта кетейік, ел чемпионаты 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport