Күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады

©olympic

Ертең, 19 сәуір күні Ұлан-Баторда (Моңғолия) күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Olympic.kz құрлықтық бәсекеге қатысатын қазақстандық спортшылар тізімін ұсынады. 

Жарыс кестесіне сәйкес 19 сәуір күні 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар белдеседі. Ал 20 сәуірде 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі спортшылар бозкілемге шығады.

Азия чемпионатына ел намысын 10 балуан қорғайды.

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар:

 55 келі: Аманғали Бекболатов 

 60 келі: Ернұр Фидахметов

 63 келі: Мирамбек Айнағұлов 

 67 келі: Мейіржан Шермахамбет

 72 келі: Абылайхан Әмзеев

 77 келі: Мақсат Ережепов

 82 келі:  Диас Кален

 87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

 97 келі: Санжар Серікқан

 130 кг: Әлімхан Сыздықов

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар