Борьба
19 қыркүйек 2023 15:18

Қуат Хамитов ӘЧ-дегі тарихи жеңіске қатысты ойын батыл айтты

©HFC MMA

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат "Найман" Хамитов Белградта өтіп жатқан ӘЧ-дегі Қазақстан үшін тарихи нәтиже туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

19 жастағы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта алтын жеңіп алып, Қазақстан тарихында еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы атанды. 

"Асалаумағалейкум қазақ елі! Бүгін міне тарихи күн. Қазақ спорты, қазақ күресі бойынша бұл жеңісті күнге Жақсылық Үшкемпіров сияқты ағаларымыз жете алмай кетті. Бұл тарихта болмаған сәт. Ризабек бауырымыздың жеңісіне өте қуаныштымыз. Болмайтын спорт түріне жылына 200 - 300 миллиондап ақша бөлініп жатыр. Сол ақша болмайтын бір легионерлерге кетіп жатыр. Сондықтан осы бір қара домалақ, ауылдан шыққан қазақ баласына министрлер миллион доллар беру керек деп есептеймін. Өйткені мұны естіген, көрген ауылдың шаң теуіп жүрген балалары ертең залдарға барып, оларда Ризабек бауырымыз сияқты әлем спортын мойындатамын деген арманы пайда болады", - дейді Хамитов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport