Нұрлыхан Шархан ел астанасында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында құрама қоржынына қола жүлдені салды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
22 жастағы дзюдошы 100 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Акобир Абубакриден айласын асырып, үшінші орынды иеленді.
Еске салайық, осыған дейін Абуба Абужақынова (48 келіге дейін) финалда қарсыласына есе жіберсе, Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін), Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін) және Дидар Хамза (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.