Кореялық балуан жүлде үшін белдесуде Аманбековты қапы қалдырды
©Ұлттық олимпиадалық комитет
Бішкектегі күрес түрлерінен Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан қола жүлде үшін белдесуде жеңілді.
Бішкектегі күрес түрлерінен Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан қола жүлде үшін белдесуде жеңілді.
Грек-рим күресінен 67 келіде бозкілемге шыққан Алматбек Аманбеков кореялық балуанмен тең түсті. Бұл белдесу 1:1 есебімен тең аяқталса да, жеңіс соңғы ұпайды алғаны үшін Хан Чжа Чунға берілді.
Бұған дейін 63 келідегі Ғалым Қабдунассаров та қола үшін белдесуде жеңілді.
Грек-рим күресінен Қазақстан командасында қазір 1 алтын, 1 күміс және 1 қола бар.
Жарнама