"Команданың дайындығын 70 пайызға бағалаймын". Әсет Серікбаев балуандардың бабы жайлы

сурет: олимпик

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев балуандардың Олимпиада қарсаңындағы соңғы дайындық кезеңі қалай өтетінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Еркін күрес шеберлері жақында ғана Дағыстаннан оралды. Дағыстанда еркін күрес қаншалықты жақсы дамығанын білесіздер. Бізге үздік балуандармен бірлесіп жаттығу жасау өте маңызды. Жаттығу кезінде Әли Әлиев атындағы халықаралық турнирге қатыстық. Бұл команда мүшелері үшін өз әлеуетін тексеруге арналған тағы бір мүмкіндік десек артық емес.

Кейбір балуанымыз жақсы күресті, кейбірі жеткілікті деңгейде өнер көрсете алмады. Кей спортшыны төрешілер аяқтан шалды. Десе де, бұл бәсеке біз үшін зор тәжірибе болды.

Енді балуандар 11 шілдеден бастап жаттығуды қайта жалғастырады. Алматыдағы "Ақ бұлақ" олимпиадалық базасында шеберлігімізді шыңдаймыз. Команданың қазіргі дайындығын 70 пайызға бағалаймын. Біздің міндет - балуандарды Олимпиадаға 100 пайыз бабында апару. Ал Токиоға 28 шілдеде ұшамыз", - дейді бас бапкер. 

 

Метки:
Жаңалықтар