Қазақстандық парадзюдошы Бауыржан Арыстанбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
J1 санатындағы 90 келі салмақта үшінші орын үшін белдесуде Арыстанбеков индонезиялық Фаджар Памбудиді жықты.
Сонымен қоса, J2 санатындағы (көруінде ауытқушылықтары бар спортшылар) бұрымды парадзюдошы Даяна Федосова 57 келіде Азия пара ойындарының қоласын иеленді.
Енді осымен Қазақстан қоржынында 16 жүлде бар - үш алтын, бес күміс және сегіз қола.