1/4 финалда қазақ балуаны Оскар Тигрерос Урбаномен белдесіп, 10:6 есебімен жеңді. Санаев 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері екенін айта кетейік.
Сонымен қатар, 65 келіде моңғолиялық Тулго Тумур Очирмен белдескен балуанымыз Дәулет Ниязбеков 6:2 есебімен жеңіске жетіп, әлемдік жарыстың жартылай финалына шықты.
Осылайша, Ниязбековтің жеңісі арқылы Қазақстан Олимпиадаға жалпы 18 жолдаманы иеленді.