Күрес түрлері
Кеше 13:52

Қазақстанның грек-рим балуандары Венгриядағы рейтингтік турнирді үш жүлдемен аяқтады

©

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир аяқталды.

Соңғы жарыс күнінде грек-рим күресінен бәсекелер өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бір күміс, екі қола медальмен турнирді аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Фидахметов ақтық сында Шаршенбековтен жеңіліп қалды. Осылайша күміс жүлдеге ие болды.

Исхар Курбаев 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде үндістандық Лалитті тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұған дейін Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport