Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды.
Қазақстан құрамасы бұл додада бір жүлде жеңіп алды. 67 келіге дейінгі салмақта белдескен Қазыбек Қалмағамбетов алтын иеленіп, өз салмағында үздік атанды.
Жүлделік есепте Қазақстан жетінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды үш алтын, екі күміс және бір қола жеңіп алған Ресей құрамасы иеленді. Әзірбайжан екінші орынға ие болды (1 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үшінші орынды Армения мен Өзбекстан бөлісті. Олардың еншісінде бір алтын, бір күміс және екі қола бар.
Жарнама