Қазақстандық Сыздықова еркін күрестен халықаралық турнирде жеңіске жетті

©

Қазақстандық Елмира Сыздықова еркін күрестен "Гран-при Иван Ярыгин" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

76 келіге дейінгі салмақ финалында ол белоруссиялық Ксения Дзибукты 15:4 есебімен жеңді.

Еске салайық, былтыр 29 жастағы Сыздықова Алматыда өткен Азия чемпионатын жеңіп алған, ал Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиадада 69 келіде қола жүлде иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар