Қазақстандық Серікжанов дзюдодан Гран-при күмісін жеңіп алды

© Olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Ержан Серікжанов Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан Гран-при турнирінде күміс жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz

66 келіде белдескен Ерлан Серікжанов турнир финалына дейін жетті. Дегенмен әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы әрі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кореялық Ан Баулдан қазақстандықты "иппон" ұпайымен таза жеңілді. 

Ал осы салмақта Гран-при турнирінің қола жүлдесіне таласқан Елдос Жұмақанов израильдік қарсыласынан ұтылып, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Метки:
Жаңалықтар