Қазақстандық қос бұрымды күрестен Азия чемпионатының финалына шықты

Фото: olympic.kz©

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Валентина Исламова-Брик пен Эльмира Сыздықова Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

 
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Исламова-Брик жартылай финалда Қытайлық Тайбэй спортшысы Юнг Хсун Лин жеңді. Финалда ол өзбекстандық Жасмина Иммаеваға қарсы шығады. 

Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда үндістандық Пуджи Пуджидан басым түсті. Эльмира ақтық сында қырғызстандық Айпері Медетпен бәсекеге түседі.  

Естеріңізге сала кетейік, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Алматыда 13 сәуірде басталған және 18 сәуірге дейін созылады. 

Метки:
Жаңалықтар