Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир басталды.
Алғаш болып жарыс жолына грек-рим күресінің шеберлері шықты.
Қазақстандық Нұрасыл Аманалы 97 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Минхо Лиді 10:4 есебімен жеңді. Осылайша ол финалда үндістандық Нитешпен белдеседі.
Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы қола жүлде үшін қырғызстандық Жанторо Мирзалиевпен күреседі.