Күрес түрлері
22 тамыз 10:55

Қазақстандық классик ӘЧ финалында алтынға күреседі

©Диас Сейітқалиев. ©instagram.com/kazwrestling_official

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Диас Сейітқалиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шықты.

Қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кем дегенде күміс медальді өзіне қамтамасыз етті.

Жартылай финалда Диас жапониялық Тайзо Ёсидоға еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Айта кетейік, өткен жылы Ёсидо ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Финалда Сейітқалиевтің қарсыласы ресейлік Михаил Шкарин болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport