Күрес түрлері
Бүгін 13:44

Қазақстандық Казюлина мен Кузнецова әлем чемпионатында жеңіліс тапты

©ҚР ҰОК

Қазақстандық балуандар Ирина Казюлина мен Ирина Кузнецова әйелдер күресінен елордада өтіп жатқан әлем біріншілігінде жеңіліп қалды.

Ирина Казюлина 68 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Манола Скобельскамен кездесіп, қарсыласына тушемен жол берді.

Сондай-ақ Ирина Кузнецова 62 келіге дейінгі салмақтың ширек финал жолдамасы үшін жапониялық Нонока Одзакиге 10:0 есебімен есе жіберді.

Осылайша қос балуанымыз ширек финалға өте алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport