Борьба
Бүгін 12:41

Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында тағы алты жүлде алды

©

Въетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты жалғасуда.

Кезекті жарыс күнінде грек-рим және әйелдер күресінің балуандары сынға түсті. Отандастарымыз алтын жеңіп алды.

Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) жарыс жеңімпазы атанды.

Ал Алина Ертөстік (76 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін), Диас Нұрақов (63 келіге дейін) қола жүлде иегерлері болды.

Айта кетейік, бұған дейін грек күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдегер болды. Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport