| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Күрес түрлері
Бүгін 16:26
 

Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында 20 жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында 20 жүлде жеңіп алды ©

Қазіргі таңда Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен U15 және U20 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

blog.share

Қазіргі таңда Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен U15 және U20 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Сары құрлық біріншілігі аясында отандастарымыз U15 жас санатында сынға түсіп, 4 алтын, 5 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.

Еркін күрестен алтын медальді Мирас Абдыкарым (41 келіге дейін) жеңіп алды. 

Ал Бектөре Заманбек (44 келіге дейін), Әмір Серік (48 келіге дейін), Наиль Зейналов (68 келіге дейін), Ерсұлтан Сүлеймен (75 келіге дейін) күміс медальға ие болды. 

Дамир Салават (38 келіге дейін), Мадияр Абдыкарымов (52 келіге дейін), Бибарыс Түзелбаев (57 келіге дейін), Зелимхан Цицкиев (85 келіге дейін) қола медальмен жарысты аяқтады.

Грек-рим күресінен Роллан Ким (48 келіге дейін), Даниал Қанатбай (52 келіге дейін), Ералы Мұратов (85 келіге дейін) топ жарды.

Күміс медальді Айтуған Осман (57 келіге дейін) жеңіп алды. 

Ал Берекет Исмагулов (38 келіге дейін), Райымбек Жақсылық (41 келіге дейін), Нұралы Амангелді (44 келіге дейін), Руслан Бәкір (68 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Әйелдер күресінен Раян Жамсапқызы (46 келіге дейін), Джамиля Мехдиева (50 келіге дейін), Эльнара Киримова (66 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 5 шілдеде аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!