Борьба
Бүгін 15:47
 

Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатының финалына жетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатының финалына жетті ©

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

blog.share

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Спортшы 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі.

Жартылай финалда Қазыбек Венгрия өкілі Петр Житовозды 7:5 есебімен жеңді. Оның финалдағы қарсыласы – Беларусь өкілі Михаил Марковский болмақ.

Шешуші белдесу бүгін, 18 тамызда өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Еркебұлан Анапия Иран өкілі Амир Саеди Навадан жеңіліп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!