Қазақстандық екі жас балуан әлем чемпионатының финалына шықты

©UWW

Иордания елінің астанасы Амманда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні екі балуанымыз финалға шықты. 

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынады. 55 кило салмақта Алпамыс Болатұлы финалға жолдама алды. Іріктеуде ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңді. Алпамыстың финалдағы қарсыласы – америкалық Джейден Скотт Рэйни

80 килоға дейінгі салмақта Еркебұлан Анапия да әлем чемпионатының финалында белдеседі. Ол жартылай финалда әзербайжандық балуаннан басым түсті. Анапияның финалдағы қарсыласы – нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин

Сондай-ақ 48 килода Едіге Төлеутаев қола медальға күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар