Қазақстандық екі жас балуан әлем чемпионатының финалына шықты
Иордания елінің астанасы Амманда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні екі балуанымыз финалға шықты.
Иордания елінің астанасы Амманда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні екі балуанымыз финалға шықты.
Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынады. 55 кило салмақта Алпамыс Болатұлы финалға жолдама алды. Іріктеуде ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңді. Алпамыстың финалдағы қарсыласы – америкалық Джейден Скотт Рэйни.
80 килоға дейінгі салмақта Еркебұлан Анапия да әлем чемпионатының финалында белдеседі. Ол жартылай финалда әзербайжандық балуаннан басым түсті. Анапияның финалдағы қарсыласы – нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин.
Сондай-ақ 48 килода Едіге Төлеутаев қола медальға күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берген еді.
Жарнама