1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Күрес түрлері
Бүгін 12:55
 

Қазақстандық екі жас балуан әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық екі жас балуан әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі ©UWW

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының финалына шықты.

blog.share

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының финалына шықты.

48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас финалға жолдама алды. Жартылай финалда қазақстандық балуан Армения өкілі Арарат Аветисяннан 4:1 есебімен басым түсті. Енді шешуші белдесуде Ресей спортшысы Солтан Юсуповпен күш сынасады.

55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі алтын медаль үшін белдеседі. Жартылай финалда грек-рим күресінің шебері Болгария өкілі Данимир Йордановты 8:1 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы – Венгрия спортшысы Кеве Ковач болмақ.

Айта кетейік, финалдық белдесулер бүгін, 28 шілдеде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!