Күрес түрлері
18 ақпан 2022 00:09

Қазақстандық дзюдошылар Израильде екі алтын алды

©olympic

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тель-Авивте (Израиль) өтіп жатқан әлемдік Grand Slam додасын сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі медаль ұтып алды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандық қос дзюдошы жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, Бауыржан Нарбаев жарыстың күміс жүлдесіне ие болса, Мағжан Шамшадин қоланы қанағат тұтты. 

Бауыржан Нарбаев финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, төрт кездесу өткізді. Ал жарыстың финалында украиналық Артем Лесюкпен кездесті. Екеуара кездесу өкінішке қарай, отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді. 

Айта кетерлігі, 66 келіде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде үшін белдесуде Украина спортшысы Богдан Ядовқа есе жіберді. 

Тель-Авивте өтіп жатқан байрақты бәсеке 19 ақпанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport