Күрес түрлері
Бүгін 16:14

Қазақстандық бұрымды екі балуан ӘЧ жартылай финалына жетті

©ҚР ҰОК

Қазақстандық балуандар Нилуфар Раимова мен Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалын сәтті өткізді.

Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Отгонжаргал Долгоржавпен күресіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Ал Нилуфар Раимова 57 келіге дейінгі салмақта Украина балуаны Александра Хоменецті 12:6 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша қос балуан әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport