Қазақстандық бұрымды балуандар жастар арасындағы АЧ-де жеті жүлде иеленді

©Спортты дамыту дирекциясы

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Амманда (Иордания) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеті жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі) және Тыныс Дубек (62 келі) күміс жүлдегер атанды. 

Қола жүлде иегерлері қатарында Зейнеп Баянова (53 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі) және Алина Ертөстік (76 келі) бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар