Борьба
Бүгін 17:56

Қазақстандық бұрымды балуандар АЧ-ның жартылай финалына өтті

©

Күрес түрлерінен Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионаты жалғасуда.

Бүгін, 8 сәуірде әйелдер күресінен бәсекелер басталды. Екі отандасымыз жартылай финалға өтті.

Марал Тәңірбергенова 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Тайпей өкілі И Хуэй Линнен 9:2 есебімен басым түсті. Енді бұрымды балуанымыз 1/2 финалда жапониялық Юи Сусакимен белдеседі.

76 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Гүлмарал Еркебаева үндістандық Каджал Каджалмен 5:3 есебімен жеңді. Енді ол жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энх-Амартпен күш сынасады.

Сондай-ақ Шұғыла Өмірбек 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Хансика Ламбаға жол берді. Одан бөлек 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова Үндістан өкілі Неха Нехаға есе жіберді. Ал 68 келіге дейінгі салмақта Елена Шалыгина жапониялық Мива Морикавадан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, жартылай финалдық бәсекелер бүгін, 8 сәуірде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport