Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізді.
50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Өзбекстан өкілі Актенге Кеунимжаевамен кездесіп, қарсыласын 7:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Зейнеп Баянова әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.