Күрес түрлері
15 шілде 16:42
 

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы АЧ-де қоржынға жеті жүлде салды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы АЧ-де қоржынға жеті жүлде салды ©uww.org

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

blog.share

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Еркін күрестен жалғыз алтын медальді 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек жеңіп алды.

Ал Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Камиль Куруглиев (97 келіге дейін) күміс еншілесе, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Алан Оралбек (61 келіге дейін) үшінші нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар әйелдер күресінен Анна Стратан (57 келіге дейін) және Мейрамгүл Мақсот (72 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің балуандары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!