Күрес түрлері
11 шілде 16:50
 

Қазақстандық балуандар грек-рим күресінен АЧ-де екі алтын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық балуандар грек-рим күресінен АЧ-де екі алтын жеңіп алды ©United World Wrestling

9-10 шілде аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті.

blog.share

9-10 шілде аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын.

87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев жастар арасында Азия чемпионы атанды.

Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге ие болса, 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Мұсан Ерасыл қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!