Қазақстандық балуан Польшадағы халықаралық жарыста қола жүлде жеңіп алды

Сурет: : olympic.kz©

Польша астанасы Варшавада еркін күрестен "Вацлав Циолковски мемориалы" өтіп жатыр. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан қоржыны қола медальмен  толықты деп хабарлайды Olympic.kz

97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали македониялық Магомедгаджи Нуровты жеңіп, қола жүлде иеленді. 

Осы салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Серік Бақытханов 7-ші орын алса, 70 келіде бақ сынаған Талғат Сырбаз жарысты алғашқы бестікте аяқтады. 

Бүгін турнирдің екінші жарыс күні өтеді. 

Метки:
Жаңалықтар