Борьба
27 қаңтар 12:18
 

Қазақстандық балуан қыз 10 күнде екі бірдей ірі турнирде топ жарды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық балуан қыз 10 күнде екі бірдей ірі турнирде топ жарды ©UWW

Қазақстандық балуан қыз Эльмира Сыздықова 10 күнде екі бірдей ірі халықаралық жарыста жеңіс тұғырына көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. 

blog.share

Қазақстандық балуан қыз Эльмира Сыздықова 10 күнде екі бірдей ірі халықаралық жарыста жеңіс тұғырына көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. 

76 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз 17 қаңтар күні Францияның Ницца қаласында өткен Анри Деглан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Кеше Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан Иван Ярыгинді еске алуға арналған жарыста да алтын медаль еншіледі. 

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Энх-Амарын Даванасанды 8:1 есебімен жеңіп шықты. Оған дейін отандасымыз Лилия Нуралиева, Дарья Баландина және жартылай финалда Ольга Козырёваны (бәрі Ресей) айқын басымдықпен жеңген болатын.

Айта кетейік, Эльмира бұл турнирде 2016 жылы (69 келі) және 2022 жылдары (76 келі) да чемпион болған. Тағы 2019 жылы қола медаль иеленген.

Ресейдегі жарыста отандастарымыз әйелдер күресінен 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде еншіледі. Элмирадан бөлек, Виктория Хусаинова (62 келі) мен Тыныс Дүбек (62 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!