Қазақстандық балуан еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

©Olympic.kz

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев 20 жастан аспаған спортшылар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан чемпионаттың жартылай финалында ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде украиналық балуан Георгий Казанжиден басым түсті.

Ақтық сында Базарбаев америкалық Йоре Рассел Волкқа қарсы бозкілемге шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар