Венгрияның Будапешт қаласында еркін күрестен рейтингілік турнирдің бірінші жарыс күні қазақстандық балуан жеңіске жетті.
97 келі салмақта Әлішер Ерғали жеңімпаз атанды. Ол әзербайжандық Магомеджан Магомедовпен белдесуі керек болған. Алайда, қарсыласы кілемге шыққан жоқ. Осылайша, Әлішер жеңімпаз атанды.