Борьба
11 сәуір 2023 14:28

Қазақстандық балуан Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

©olympic.kz

Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалында ирандық Саяд Әли Именталабфоманиді 5:2 есебімен жеңіп, қазақстандық спортшылар арасынан турнирдің алғашқы жеңімпазы атанды.

Ал тәжірибелі балуан Алмат Кебіспаев (67 келі) Фирус Мирзораджабовты (Тәжікстан) жеңіп, Астанадағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық балуан іріктеуде тайбэйлік Ху Юй Ченді, ширек финалда үндістандық Ашу Асхуды ұтқан, бірақ жартылай финалда өзбекстандық Аброр Атабаевқа есе жіберді.

Ал 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Олжас Сырлыбай үндістандық Нариндер Чеманы ұтып, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Қызылордалық балуан бүгін ширек финалда Ислам Ынтымақтастығы ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері қырғызстандық Узур Жүсіпбековтен ұтылып қалды. Дегенмен жұбаныш белдесуінде оңтүстік кореялық Сейеол Лидің жолын кесті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport