Борьба
Бүгін 09:36

Қазақстандық балуан Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. 

Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақта қытайлық Руи Люмен қола медальді сарапқа салды.

Алғашқы үшминуттықта Қытай балуаны 1:0 есебімен басым түсті. Дегенмен белдесудің екінші бөлігінде Ибрагим Магомадов басымдық танытып, 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) Азия чемпионы атанған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport