Қазақстандық балуан Алматыда дүниеге келген бразилиялық қарсыласын жеңді

©olympic.kz

Грек-рим күресінен Осло (Норвегия) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Хорлан Жақанша ширек финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

1/8 финалда 55 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Алматыда дүниеге келіп, қазір Бразилиялың намысын қорғайтын Марат Гариповтан үстем түсті. 

Ал 72 келі салмақта сынға түскен Қаһарман Қысметов бірінші белдесуінде ұтылып қалды. 77 келі салмақта кілемге шыққан Тамерлан Шадукаев ресейлік Роман Власовтан 0:11 есебімен жеңілді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар