Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

©СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық балуан Дарын Әскербек еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Турнир Рим (Италия) қаласында өтті. 

Әлем біріншілігінің финалында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз америкалық Джаксен Патрик Форрестпен кездесіп, тартысты өткен белдесуде 11:10 есебімен жеңіске жетті. 

Еске салайық, бұған дейін әлем біріншілігінде грек-рик күресінен Арсен Жұма мен Юсуф Ашрапов қола жүлде жеңсе, әйелдер арасында Алина Ертөстік те үшінші орын алған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар