Қазақстандық балуан ӘЧ-де сенсация жасады

©UWW

Еркін күрес балуаны Асылжан Есенгелді Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатының (U23) финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

61 келі салмқтың жартылай финалында Асылжан қырғызстандық Тайырбек Жумашбек уулун жеңді. 

Асылжан ең алғашқы белдесуінде жапониялық Кайто Моритадан басым түскен, ал ширек финалда үндістандық Акаш Дахияны жықты.

25 қазанда өтетін финалда қазақ балуан ресейлік Башир Магомедовпен белдеседі.

Айта кетейік Тайырбек Жумашбек уулу - 2023 жылы өткен ересектер санатындағы әлем чемпионатының жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар