Қазақстандық балуан 61 келіде Азия чемпионатының алтыны үшін белдеседі

©olympic.kz

Қазақстандық балуан Асыл Айтақын еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

61 келіде бақ сынайтын ол жартылай финалда үндістандық Акаш Дахияны 11:0 есебімен жеңді. 

Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола иеленді. 

Мейрамбек Қартбай (57 келі) қола жүлде, Ризабек  Айтмұхан (97 келі) күміс медаль еншіледі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар