Борьба
30 мамыр 07:45
 

Қазақстан тумасы! Бушидода белдескен Салман Хасимиков көз жұмыпты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан тумасы! Бушидода белдескен Салман Хасимиков көз жұмыпты ©Видеодан скрин

Аты аңызға айналған ресейлік балуан Салман Хасимиков 73 жасында өмірден өтті. Даңқты балуанның өмірден өткенін Ресейдің спорттық күрес федерациясы растады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

Аты аңызға айналған ресейлік балуан Салман Хасимиков 73 жасында өмірден өтті. Даңқты балуанның өмірден өткенін Ресейдің спорттық күрес федерациясы растады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Салман Хасимиков — еркін күрестен төрт дүркін әлем чемпионы (1979, 1981, 1982, 1983) және екі дүркін Еуропа чемпионы (1979, 1981). Өзі 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдескен. Сонымен қатар ол бірнеше жыл бойы кәсіби рестлингпен де айналысып, ауыр салмақта халықаралық Гран-при турнирінің чемпионы атанған.

Сөйте тұра Хасимиковке Олимпиада ойындарына қатысу бақыты бұйырмапты. 1976 жылғы ойындар алдында жарақат алып қалса, 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада қарсаңында КСРО чемпионатында ұлттық құрамадан тыс қалды. Ал 1984 жылғы Олимпиада ойындарына КСРО бойкот жариялап, қатысқан жоқ.

Айта кетейік, Салман Хасимиков Қазақ КСР-де шешен отбасында дүниеге келген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!