Қазақстан күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күні екі жүлде иеленді

Сурет: United World Wrestling©
Эстония астанасы Таллинде күрес түрлері бойынша жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

57, 65, 70, 79 және 97 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы финал қорытындылары бойынша Қазақстан құрамасы екі жүлде иеленді.

Палуандарымыз еркін күресте жүлделі болды: Адлан Асқаров (57 келі) және Талғат Сырбаз (65 келі) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қоласын иеленді.

57 келіге дейін:
1. Тошия Абе (Жапония);
2. Виталий Оруджев (АҚШ);
3. Ахмед Идрисов (Ресей), Адлан Аскаров (Қазақстан).

65 келіге дейін:
1. Амирхоссейн Азим Махсуди (Иран);
2. Курбан Шираев (Ресей);
3. Туран Байрамов (Әзірбайжан), Талғат Сырбаз (Қазақстан).

Бүгін, 14 тамызда 61, 74, 86-, 92 және 125 келіде финалдық кездесулер өтеді.
Метки:
Жаңалықтар