Күрес түрлері
16 қыркүйек 2019 16:00

Қазақстан күрестен 2020 жылғы Олимпиадаға алғашқы лицензияны иеленді

© olympic.kz
Греко-рим стиліндегі қазақ балуаны Мейрамбек Айнағұлов құрама сапынан Токиода өтетін Олимпиада-2020 нормативін бірінші орындады, - деп хабарлайды Olympic.kz.


60 келіде белдесетін Мейрамбек Айнағұлов әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда ол хорватиялық Иван Лизатовичті 10:0 есебімен таза жеңді. 

Осылайша, Айнағұлов балуандар арасынан алғаш болып Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Грек-рим күресінің ережесі бойынша, лицензиялық әлем чемпионатында 1-ден 5-ші орынға дейінгі аралықта орналасқан балуандарға Олимпиада жолдамасы беріледі.

Жартылай финалдық белдесу бүгін кешкі сессияда өтеді. Айнағұловтың қарсыласы - ресейлік Сергей Емелин.

Айта кетейік, өз салмағында команда үздігі саналатын Мейрамбек Айнағұлов 2017 жылғы әлем чемпионатының, Азия чемпионатының екі дүркін қола және Азия ойындарының қола жүлдегері.