Қазақстан құрамасы әйелдер күресінен Олимпиадаға екінші лицензия жеңіп алды

Reuters©
Эльмира Сыздықова Қазақстан құрамасынан 2020 жылғы Олимпиадаға екінші жолдама жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

76 келіде бүгін өткен белдесулерде Сыздықова алдымен итальялық спортшыдан, кейін Тайпей өкілінен басым болды. Осылайша, ол қола жүлде үшін белдеседі және  Токио Олимпиадасына автоматты түрде лицензияны иеленді.

Әйелдер арасындағы күресте алғашқы лицензияны 50 келіде белдесетін Валентина Исламова алған. Сонымен бірге, ол бұл жарыста үшінші болып, Қазақстан үшін жалғыз жүлдені жеңіп алды. 
Жаңалықтар