Күрес түрлері
Бүгін 16:29
 

Қазақстан грек-рим палуандары ӘЧ-нің командалық есебінде екінші орын алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан грек-рим палуандары ӘЧ-нің командалық есебінде екінші орын алды ©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 жас санатындағы әлем чемпионатын аяқтады.

blog.share

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 жас санатындағы әлем чемпионатын аяқтады.

Отандастарымыз бес жүлде жеңіп алды. Оның ішінде екеуі - алтын, біреуі - күміс және екеуі - қола.

Айбек Айтбеков (60 келі) және Юсуф Ашрапов (72 келі) бірінші орын алса, Темірлан Тұрдақын (87 келі) екінші, ал Арсен Жұма (55 келі) және Джохар Узаров (130 келі) үшінші сатыдан көрінді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 114 ұпаймен екінші орынға ие болды. Иран 119 ұпаймен көш бастаса, Ресей 105 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!