Күрес түрлері
19 ақпан 2020 09:23

Қазақстан грек-рим күресінен Азия чемпионатында бірінші алтынды жеңіп алды

© unitedworldwrestling.org
Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар алғашқы алтынын еншіледі, - деп хабарлайды Olympic.kz


77 келіде белдескен Тамерлан Шадукаев құрлық додасында топ жарды. Финалда Тамерлан ирандық Педжман Поштамды 10:1 есебімен, мерзімінен бұрын жеңді. Бұл қазақстандық балуанның ересектер арасындағы бірінші алтын медалі. Бұған дейін ол жастар арасындағы әлем чемпионатының қоласын иеленген

Сонымен қатар, Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан қоржыны үш қола жүлдемен толықты. Өз салмағында Хорла Жақанша (55 келіге дейін), Азамат Күстібаев (87) пен Мансур Шадукаев (130) үшінші болды.