Жарнама

Күрес түрлері
Бүгін 10:54
 

Қазақстан балуаны грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан балуаны грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды ©

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Алматбек Аманбек Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

blog.share

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Алматбек Аманбек Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ол 72 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде ирандық Мұхаммад Джавад Резаимен күш сынасты.

Аманбек ақтық сында мерзімінен бұрын жеңіске жетті (туше).

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Ербол Камалиев қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалған еді.

Сондай-ақ бүгін, 8 сәуірде, қола жүлде үшін Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) пен Ислам Евлоев (97 келіге дейін) күреседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!