1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Борьба
Бүгін 13:30
 

Қазақстан балуандары Моңғолиядағы рейтингтік турнирде 12 жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан балуандары Моңғолиядағы рейтингтік турнирде 12 жүлде жеңіп алды ©

Ұлан-Батырда (Моңғолия) күрес түрлерінен өткен рейтингтік халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

blog.share

Ұлан-Батырда (Моңғолия) күрес түрлерінен өткен рейтингтік халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жарысты 12 медальмен аяқтады.

Еркін күрестен Асыл Айтақын (61 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Шамсат Таир (79 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Еркебұлан Ардақов (63 келіге дейін) пен Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер күресінде Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!