Борьба
Кеше 20:56

Қазақстан балуандары Гран-при турнирінде 14 жүлде жеңіп алды

©olympic.kz

 Беларусь астанасы Минскіде күрестен Александр Медведьті еске алуға арналған халықаралық Гран-при серисясындағы турнирі аяқталды.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 14 жүлде жеңіп алды.

Еркін күрестен Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.

Нұрлан Өтегенов (79 келіге дейін) және Дәулет Ергеш (86 келіге дейін) күміс медаль алды. Ал Мейіржан Аширов (74 келіге дейін), Ерасыл Мұхтарұлы (57 келіге дейін), Ади Серікұлы (65 келіге дейін), Начын Куулар (70 келіге дейін), Санжар Досжанов (74 келіге дейін), Нұркерім Ернияз және Бейбарыс Қасымбек (92 келіге дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.

Сондай-ақ, ұлттық құрама әйелдер арасындағы бәсекеде екі күміс және екі қола медальға ие болды. Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Алина Ертөстік (76 келіге дейін) екінші орын алды. 68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ирина Казюлина және Елена Шалыгина үздік үштікті түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport