Күрес түрлері
Бүгін 11:20

Қазақстан балуандары Азия чемпионатында тағы үш жүлде жеңіп алды

©

Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды.

Еркебұлан Анапия 82 келіге дейінгі салмақтың финалында Иран өкілі Алиреза Мохаммад Хоссейниден жеңіліп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротаны тізе бүктірді.

97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев қола медаль үшін өткен айқаста Қытай өкілі Синью Люді жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport